Әкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП

Семейде қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты

Семейде қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 мамырда сағат 09:40 шамасында 67 жастағы жүргізуші басқарған HYUNDAI көлігі Бозатев-Селевин көшелерінің қиылысында, Селевин көшесіне бұрылу маневрін жасау кезінде маршруттық автобуспен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, «Авто Транс Семей» ЖШС материалдық шығын келтірілді.

HYUNDAI көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ІҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button