ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде полицейлер суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

Семейлік полицейлер Ертіс өзеніне батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 28 мамырында «102» жедел арнасына «ескі көпір» ауданында, Ертіс өзенінде ағашпен ер адам жүзіп келе жатқаны және оған көмек қажет екені туралы қоңырау шалынды. Аталған хабарлама жедел түрде Барыс-2 патруліне хабарланды. Экипаж аталған ауданды қарап, аспалы көпір ауданынан жаңағы ер адамды байқаған.

«Барыс-34» экипажының қызметкерлері аталған хабарламаны қабылдап, оқиға орнына жедел жетіп, полиция лейтенанты М.М.Иданов белбеуін шеше салып батып бара жатқан адамға көмек ұшын беру үшін суға секірді. Осы уақытта полиция лейтенанты Б.Б.Алтынбеков құтқару шеңберін алып, өз әріптесіне көмектескен. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам жағаға аман-есен алып шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына тапсырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button