ҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП

Масаң күйде көлікті жүргізген қос семейлік бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Семей қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта рөльге масаң күйде отырған екі мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында таңғы сағат 5 шамасында Семей қаласы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны және куәландыру нәтижесі көлік жүргізушісі каннабиоидтарды пайдаланудан туындаған есірткілік масаң күйде екендігін анықтады. Қаскөй ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта кінәлі адамға қатысты сот «үй қамағына алу» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Қала көшелерінің бірінде тағы да ұқсас жағдай орын алған. 24 жастағы қала тұрғыны 2019 жылы 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылса да қайта көлік тізгінене отырған. Медициналық куәландыруға жеткізілген аталған азамат «жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын» көрсетті.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айтып өтейік, аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button