Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 111 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко айтып берді.
- Бізде әрбір мектеп жан басымен қаржыландырылады. Қамқоршылық кеңесімен мектеп бөлінген қаржыны қайда жұмсауын өздері шешеді. № 11 мектепте жылу жүйесі жөндеуді, № 17 және 40 мектептің шатырлары күрделі жөндеуді қажет етеді. 36 мектепке ағымды жөндеу қажет. Сонымен қатар жаңа интерактивті, инновациялы және STEM-кабинеттері сатып алынады, – деп айтып берді Наталия Фесенко.
Сонымен қатар мектепке қажетті жиһаздар сатып алуға қаражат бөлінеді.
- Соңғы 10 жылда біздің мектептерге жиһаз жиі сатып алынбады, кей жерлерде олардың тозығы жетіп, істен шығып жатыр. Биылғы жылы жиһаз сатып алу жалғасады. Өткен жылы 8 – 10 жиһаз жиынтығы сатып алынды, биылғы жылы осы мақсатқа 88 млн теңге бөлінді, – деп түйіндеді білім бөлімінің басшысы.
Semeynews.kz