Биылғы жылы осы мереке дәстүрлі оффлайн форматында өтеді. Бұл ретте еліміздің Білім министрлігі мерекеге аниматорларды шақыруды, кафелерде және мейрамханаларда жиналуды, сондай-ақ мерекелік лимузиндерге тапсырыс беруді ұсынбайды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко айтып берді.
- Мектеп бітіруші түлектердің емтихандары 16 маусымда аяқталады, қалада мектеп бітуршілердің мерекелеуіне бір күн белгіленді, бұл – 17 маусым. Мерекенің негізгі шарты – ол мектеп қабырғасында өтуі. Бұл күні мектеппен қоштасы мектепте өтуі тиіс. Ата-аналардың қаржылық мүмкіндіктерінің теңсіздігін ескере келе, білім министрлігі лимузиндерде серуендеуді, жүргізушілерді шақыртуды, кафелер мен мейрамханаларда дастархандар жаюды тоқтатуды ұсынады. Педагогтар мен мектеп әкімшілігіне сый-сыйапатқа ақша жинауға қатаң тиым салынады, – деді Наталия Фесенко.
Semeynews.kz