ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтықтың арбауына түскен 29 жастағы ер адам жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, бұған дейін бейтаныс жігіт ипотека ресімдеуге көмектесемін деп, оның жеке деректерін пайдаланып мобильді қосымша арқылы оның атына 3 000 000 теңге ақшалай несие ресімдеген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы облыс орталығы тұрғынын ұстады.
Күдіктіден жауап алу барысында ол кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 3-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz