ШҚО: колонкоға суға барып, қоғамдық жұмыс арқалады
Колонкодан су алуға барған ШҚО тұрғыны 40 сағаттық қоғамдық жұмыс арқалады, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда облыс орталығында бір жүргізуші колонкодан су алмақ болып көлігімен жолды жауып тастаған. Екінші жүргізуші оған ескерту жасап, көлікті жолдан алып тастауын өтінген. Оның ескертуіне су алып жатқан жүргізуші құлақ аспаған, осылайша арты сөзге келіспеушілікке өршіген. Осыдан кейін су алып жатқан жүргізуші келіп ескерту жасаған жүргізушінің бетіне соққы жасаған.
«Сот 25 жастағы жүргізушіні кінәлі деп танып, 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындады. Сонымен қатар сотталушыны жәбірленушіге 43 мың теңге көлемінде материалдық шығын төлеуге міндеттеді. Сот үкімі күшіне енгеннен кейін аталған азамат пробация қызметіне есепке алынды және пробация қызметкерлерімен есепте болу тәртібі түсіндірілді, содан кейін сотталушы жергілікті атқарушы органға қоғамдық жұмыс атқаруға жолданды», – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz