ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО
ШҚО-да пробация есебіндегі ер адам қамаққа алынды
Өскеменде пробация қызметкерлерінен жасырынған ер адам қамаққа алынды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында пробациялық есепте тұрғандарды тексеру мақсатында профилактикалық шара өтіп жатыр. Іс-шара аясында пробация қызметкерлері жазадан жалтарған адамды қолға түсірді.
«Бұл сотталған азамат бұрын да бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Осыған байланысты оның аяғына электронды білезік тағылып, қадағалау жасалды. Соған қарамастан ер адам талапқа бағынбады», – делінген ведомство хабарламасында.
Сот шешімімен ұсталған тұлға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Енді ер адам 7 ай түрмеде отырады.
Semeynews.kz