ҚоғамСемейТОП

Семейде 26 мамырда қала бойынша су беру уақытша тоқтайды

Су құбырларына заласыздандыру жұмыстарын жүргізуге байланысты қала бойынша су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Семей Водоканал» МКК хабарлауынша, су құбыры желілерін мен құрылымдарын бір мезгілді залалсыздандыруға байланысты 2022 жылғы 26 мамырда кешкі сағат 20.00-ден бастап 27 мамырдың сағат 06:00-не дейін қаланың ОҢ ЖАҒАЛАУ және СОЛ ЖАҒАЛАУ бөлігінде ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

“Көрсетілген мерзім ішінде, құбырларда су болған жағдайда, суды пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Қала тұрғындары, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығынан өтініш өрт сөндіру мен толық жұмыс жасауға барлық жағдайды жасап, тәуліктік су қорын дайындап алуларыңызды сұраймыз.
«Семей Водоканал» МКК әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды”, – делінген мекеме хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button