ШҚОҚоғамҚұрылысТОПШҚО

Шығыс Қазақстан облысында 11 жол қызметтерінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдың сапасын тексерді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 150-ден астам ақау анықталды. Мердігерлік жол ұйымдарының атына кемшіліктерді жою бойынша 200 ұйғарым жіберілді.

– Жолдарды ұстау бойынша бұзушылықтарға жол берген жол қызметтерінің 11 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тізімде қала, ауылдық округ әкімдері, ТКШ бөлімдерінің басшылары мен мамандары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мердігерлік ұйымдардың заңды тұлғалары бар, – делінген ведомство хабарламасында.

Осы жылы полицияның ұсыныстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Өскемен, Семей қалаларында, Ақжар және Көкпекті кенттерінде алты бағдаршам объектісін орнату және жаңғырту бойынша жұмыстар басталды. 500 шақырымнан астам көшелер мен жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, облыс орталығы мен Семей қаласының ең көп жүктелген жеті көшесі кеңейтілуге жатады.

Көше-жол желісінің қауіпсіз жағдайын бақылау бойынша жұмыс аймақ полицейлерінің тұрақты бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button