МәдениетҚоғамСемейТОП

Семейде «Музейдегі түн» акциясы басталды

Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі бірінші болып мерекені бастады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Түнгі акция «Мы родом из детства» тақырыбынды өтті. Бұл күні келушілерге арналып өте қызықты ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.

Музей аумағында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жерден имбирден жасалған пряниктер, қолдан жасалған шоколад және тағы да басқа сәндік бұйымдар сатып алуға болды. Автокөліктердің ретро-парады акциясы басталды.

Музей фойесінде келушілерді «Өлкетану қоғамы», «Прииртышье» ҚҚ пионер жасақтары қарсы алды және олар хормен 70-80 жылдардағы пионер әндерін орындады. Сонымен қатар музейге келушілер «Кемпірқосақ түстері» көрмесін тамашалады. Бұл күні акт залында Н.Г.Чернышевский атындағы № 1 мектептің оқушылары А.Барто, К.Чуковский, С.Маршактың «Вместе по дороге до Луны» театралды-поэтикалық қойылымын қойды, – деді музейде.

Музей алаңында Umodels модельдік агенттігінің және «Әлем балалары» Бейбітшілік үшін халықаралық мәдени орталығы» БҚБ сән көрсетілімі өтті, сондай-ақ концерттік бағдарлама қойылды.

Еске сала кетейік, акция барысында музей аумағында «Достоевскийдің бояу парақтары» атты интерактивтік экспозияциясы және мысықтар көрмесі, сонымен қатар түрлі фотоаймақтар жұмыс істеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button