ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қала тұрғындарын алда келе жатқан мерекемен қала әкімі Бақытжан Байахметов құттықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша әр соғыс ардагері Жеңіс күніне орай 1,5 млн теңге көлемінде көмек алды. Семейліктер ірі шайқастарға қатысып, Кеңес Одағының, Батыс Еуропа және Азия халқы мен жерін жаудан азат етті. Біз елін қорғап, кеудесін оққа төсеген, әлемді фашизмнен құтқарған аға буынның ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Сол сұрапыл жылдары халқымыз бір отбасындай бірігіп, иыққа иық төсеп Отан қорғауға тұрды. Барша тұрғындары келе жатқан – Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтаймын. Баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір тілеймін», – деп құттықтады Бақытжан Байахметов.

Шаһар басшысы  биыл Семейде Жеңістің жетпіс жетінші көктемін Ұлы Отан соғысының тоғыз ардагері және 1721 тыл еңбеккері атап өтетінін айтып өтті.

Бұл күні қала тұрғындарына қаладағы музыкалық және би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button