Сурдлимпиада ойындары немесе Дефлимпиада – есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған спорттық жарыстар. 2001 жылға дейін жарыс Әлемдік саңыраулар ойыны, сонымен қатар ертеректе – Халықаралық саңыраулар ойыны деп аталған. Сурдлимпиада ойындары 1924 жылдан бастап өтіп келеді. Алғашқы ойындар Францияның астанасы – Парижде өтті.
Қазіргі ойындарда дзюдо жарысы қызып тұр. Биылғы жылы қазақстандық дзюдошылар жақсы нәтижелер көрсетуде. Шығыс Қазақстаннан шыққан спортшы – Ляззат Дәуренқызы үздік үштікке енді. Ол Қазақстан құрама сапында командалық жарыста қола жүлдегері атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошы – Еркебұлан Қанафин, 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындарында 81 келі салмақта чемпион атанған болатын.
Semeynews.kz