Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 мамырда Әуезов ПБ кезекші бөліміне куәгерлер хабарласып, “Чайка” ауданында кәмелеттік жасқа толмаған ұл бала суға батып кеткенін жеткізген.
“Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жетіп, Ертіс өзеніне ағып кете жаздаған баланы аман-есен жедел көмек қызметіне тапсырды. 11 жасар ұл бала өзінің сыныптасы, 11 мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Нұрғалиұлы Омаровтың үйлесімді әрекетінің арқасында аман қалды. Сыныптасы оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен”, – деп түсіндірді полиция басқармасында.
Semeynews.kz