МәдениетҚала тарихыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейдегі көпес үйінің тағдыры шешіледі

Семейдің билік күші өткен жылы бір бұрышы қиратылған көпес үйінің тағдырын шешілмек, деп хабарлайды Semeynews.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Жиналыс барысында тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Назерке Аққожина қатысушыларға Найманбаев көшесі 187 мекенжайындағы көпес үйі 1844 жылы салынғанын еске салды.

«Меншік иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, жылжымайтын мүлік кепілге алынды. Осыған байланысты, аталған ғимаратты қылмыстық іс аяқталғанға дейін тарихи және мәдени нысандардің мемлекеттік тізіміне енгізу мүмкін емес», – деп түсіндірді әкімдікте.

Сонымен қатар Н.Аққожина Сахно көпесінің ғимаратына («Бинар» қонақ үйі) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

«Орталық телеграф ғимаратында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін ол жерде әлеуметтік нысан орналасатын болады», – деп түсіндірді мәдениет бөлімінде.

Кездесу барысында «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамымен тарихи және мәдени нысандардың мемлекеттік тізіміне енгізу үшін ескі ғимараттардың тізімі (65 нысан) берілгені белгілі болды.

Еске сала кетейік, кездесу барысында тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Н.Аққожина қалада 67 тарихи және мәдени ескерткіш тіркелгенін атап өтті. Соның ішінде 34 сәулет ескерткіші, 16 монументті өнер ескерткіші, 16 тарихи және археологиялық ескерткіш. Олардың 10-ы республикалық маңызда, 57-і жергілікті маңызда. Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов барлық ескі ғимараттардың тізімін әзірлеуге тапсырма берді.

«Биылғы жылы біз қаланың орталық бөлігіндегі ғимараттардың қасбеттерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізетін боламыз. Осы бағыт бойынша біз бюджеттен тарихи құндылық болып табылатын нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қаражат қарастыратын боламыз. Оларды сақтап қалу қажет. Қандай жұмыстар және қандай ғимараттарда жүргізілетіні туралы толық ақпарат дайындаңыздар», – деді Бақытжан Байахметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button