ҚазақстанҚоғамТОП

Елдің тұрақты дамуы азаматтарының білімі мен қарым-қабілетіне байланысты – Тоқаев

Елдің тұрақты дамуы азаматтарының біліміне, қарым-қабілетіне, жаңашылдығына және жасампаздығына байланысты. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық технологиялық жаңа үдерістер кезінде ұлттың гуманитарлық қуаты айрықша рөл атқарады. Қазірдің өзінде елдің тұрақты дамуы оның табиғи байлығына емес, азаматтарының біліміне, қарым-қабілетіне, жаңашылдығына және жасампаздығына байланысты. Бүгінгі әлем экономикасын білім және инновация экономикасы деуге болады. Себебі бұлар тауар өндіру және қызмет көрсету жүйесін түбегейлі өзгертіп жатыр. Бір сөзбен айтсақ, бүкіл өмір салтымыз өзгеріп барады», – деді ҚР Президенті.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы ашылғанын хабарлаған едік.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button