ҚазақстанҚоғамТОП

Орнықты дамудың ең басты кепілі – тұрақтылық – ҚР Президенті

Орнықты дамудың ең басты кепілі - тұрақтылық. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сөз сөйлегендер біздегі саяси өзгерістер халқымызды ұйыстырып, азаматтарымыздың біртұтастығына жаңа серпін бергенін айтты. Бұл – заңды құбылыс. Себебі осы өзгерістер демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Азаматтарды белсенді әрі жасампаз болуға шақырады. Дегенмен, біз мына нәрсені ұмытпауымыз керек. Орнықты дамудың ең басты кепілі – тұрақтылық. Бұл тұжырым Ассамблеяда талай рет айтылды. Оның дұрыстығын қазіргі тарихымыз дәлелдеп отыр», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы ашылғанын хабарлаған едік.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button