
Биоорталықтағы Белка мен Рекс атты қасқырларда бес күшік дүниеге келді. Күшіктердің жыныстарын зоологтар әлі анықтаған жоқ. Сонымен қатар орталықтағы Злата атты пони құлындады.
Еске сала кетейік, ескі дәстүр бойынша жақын уақытта биологиялық орталық жаңа туған жануарларға ат қою үшін жас юннаттар арасында байқау жариялайды.
Semeynews.kz




