ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО құтқарушыларымен төрт өрт сөндірілді

ШҚО құтқарушыларымен өткен тәулікте тұрғын үй аумағындағы төрт өрті сөндірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жарма ауданында Қалбатау ауылындағы жер үйдің шатыры, терезе және есік блоктары, жиһаздары өртенді. Құтқарушылармен 30 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі электр жабдықтарын орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Дәл осындай себептермен Семейде саяжай массивінде өрт шықты. Саяжай үйінің дәлізі, есік және терезе блоктары, шатыры өртенді. Өрттің жалпы аумағы – 48 шаршы метр.

Үшінші оқиға облыс орталығында орын алды. Көкшетау көшесі бойындағы жер үйдің шатыры өртенді. 50 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Төртінші оқиға Күршім ауданында тіркелді. Аудан орталығында, Шәкәрім көшесі бойындағы үйдің бақшасындағы құрғақ шөп өртенді. 2Га аумақтағы өрт жақын маңда орналасқан пішенге шарпыды, 2,5 және 4 тоннадағы пішен, сондай-ақ 10 текше метрдегі ағаш материалдары өртенді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button