ШҚОҚоғамТОПЭкология

ШҚО-да жүк вагондарының өзенге құлауынан Ертіс өзені суына химиялық талдау жүргізілді

Талдау қорытындысы бойынша өзен суында мыс, мырыш, қорғасын, марганец сынды ауыр металлдардың көрсеткіштері артқан , деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Өскемен-Күмістау бағытының 18 шақырымында көпірден ауыр металлдар кені тиелген вагондар рельстен шығып, бірнеше вагон өзенге құлаған болатын.

Экология департаментінің мамандары оқиға орнынан, сонымен қатар Ертіс өзені ағысының жоғары (500 м) және төмен (200 м және 500 м) жағынан талдау жасау үшін ауыр металлдардың (мыс, мырыш, қорғасын, марганец) үлгілерін алды.

Талдау нәтижесі бойынша мырыш шекті рұқсат етілген концентрациясынан 1,3 есе асқан. Сонымен қатар аталған үлгіде және ағыстың төмен жағынан алынған үлгіде мыс концентрациясының өсуі, ағыстың жоғарғы жағынан алынған үлгімен салыстырғанда 1,5 және 1,3 есеге артқан. Қалған компоненттер бойынша көрсеткіштер артпаған.

Анықталған артулар судағы нысандарда авария туғызуға ықпал жасауы мүмкін.

Осыған байланысты, су нысандарына одан ары баға беру мақсатында экология департаменті ШҚО бойынша «Қазгидромет» филиалымен бірлесіп, тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін апта сайын Ертіс өзені суының жағдайына мониторинг жүргізетін болады.

ШҚО бойынша көлік прокуратурасының талабы бойынша 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 22 актісімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «Семей бөлімшесі МК» кезектен тыс экологиялық тексеріс тағайындалды. Тексеріс нәтижесі бойынша аварияның зардаптарын жою шаралары белгіленеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button