ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП

Алматыда адам өлтірді деген күдікті белгілі дәрігерді атқаны анықталды

Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматы полициясы 4 сәуірде таңертең адам өлтірді деген күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.

Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа аңшы мылтығынан оқ атылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Алматы полициясы растады.

Шумковтың әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басына оқ атқан.

Бұған дейін қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болғаны хабарланған еді. Ақпарат “102” пультіне сағат 8:59-да түскен.

“Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс “ізі суымай” ашылды. Күдікті “Ұстау” арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды”, – деді Әбдірахманов.

https://vk.com/video-166484109_456239637

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button