ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 наурызда 12м/ соққан желден Шақаман ауылындағы жалпы алаңы 195 шаршы метрді құрайтын екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатырын ұшырды. Аталған ғимарат 1986 жылы салынған, ғимаратта Қазпошта, кітапхана және дәріхана орналасқан. Зардап шеккендер жоқ, тек материалдық шығын келтірілді, оқиға орнында жергілікті атқарушы органның комиссиясы жұмыс жасауда.
Semeynews.kz