Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.
- Қаржыландыру, көмек көрсетудің келесі түрлері бойынша шығындарды арттырады: жоғарғы технологиялық медициналық көмек- 53%, стационарды алмастыру көмегі – 48%, онкология – 38%, консультативті диагностикалық мекеме көмегі – 27%, жедел медициналық көмек және санитарлы авиация – 36%, медициналық оңалту – 28%. Көлемнің ұлғаюы сонымен қатар қазақстандықтарға МӘМС шеңберінде медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруда қаржылық қолдау көрсетеді. Біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті және медициналық қызметті жеткізушілердің ашық нарығы, бұл сапалы медицинаның жалғыз жолы, – деді Ғалымжан Әбілов.
Медициналық сақтандырудың қатысушылары Шығыс Қазақстан облысы бойынша жыл басында 1 124 841 адамды құрағаны айтылды, бұл көрсеткіш жалпы ШҚО тұрғындарының 80,9%-ы. Былтырғы жылмен салыстырғанда сақтандырылған азаматтардың саны 2%-ға артқан.
Semeynews.kz