Жалпы алғанда, бүгіндері Семейде жағдай тұрақты. Ертіс өзенінің деңгейі 450 см сыни деңгейде 149 см құрайды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты органдардың өкілдері айтып берді.
Дегенмен, қалада су басуға бейім бірқатар көшелер бар. Олар: Б.Момышұлы, Сәтпаев, Беспаев, Ибраев, Қабанбай батыр, Елемесов, Фрунзе, Көшкінбаев, 2-Линия және Жанатайұлы көшелері.
Тұрғындар орталық саябақтың жағдайына және қаладағы жаяу жүргіншілер айлақтарына шағымдануда. Бүгіндері жаяу жүргіншілер жүретін аймақта жаяу жүріп өті мүмкін емес. Орталық саябақта еріген сулардан нағыз көлшік қалыптасқан. Жауапты органның өкілдері мәселе орын алғанын мойындайды, сонымен қатар қалада су сорып шығару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын айтуда.
- Орталық саябаққа келетін болсақ, саябаққа қайта құруда дренажды-нөсерлі канализация қарастырылмаған, сондықтан ол жерде су жиналуда.Суды сорып алудамыз, – деп жағдайды түсіндірді Семей қ. жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасар Тусупов.
Жалпы, Семейде қала жолдары жиегіндегі еріген суларды және жаңбыр суларын соруға 16 млн теңге бөлінді. Жоспарда 25 мың текше метр еріген суды сорып шығару және 5000 текше метр инертті материалды жеткізу жоспарланған. Жеткізуші болып «Семей Тазалық» ЖШС анықталды.
Semeynews.kz