Т-72 танктерінен практикалық ату жаттығуларына «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының барлық экипаждары қатысып, жарысқа түсті.
Осылайша әскерилер жауынгерлік даярлықтарын, штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің практикалық дағдыларын жетілдірді.
Ату жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды. Танкистер қарудың материалдық бөліктерін, қауіпсіздік шараларын, атуды орындау тәртібін зерделеді, оқ-дәрілерді салу бойынша нормативтерді орындады, бөлімшені және танк қаруларын жорық жағдайынан жауынгерлік жағдайға көшіру бойынша жаттығуларды орындады.
Практикалық атыс барысында танкистер қозғалыста шартты жауды білдеретін нысаналарды атты.
– Штаттық қарулардан практикалық атулар жүргізу өз жауынгерлік техникаңның барлық жауынгерлік күшін сезінуге көмектеседі. Сеніп тапсырылған техниканың тактикалық сипаттамаларын біліп, оларды барынша пайдалана білгенде ғана ұрыс алаңында жеңіске жетуге болады, – деді 10810 әскери бөлімі танк батальонының командирі майор Ринат Сағындықов.
Semeynews.kz