Іс-шаралар жоспарына сәйкес «Армысың, әз Наурыз!» басты мерекелік шара 22 наурыз күні аудан орталығы – Үржар ауылында және барлық ауылдық округте, мекемелер, мектептер, бөлімдер мен кәсіпорындарда Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Аудан орталығындағы «Тәуелсіздік алаңында» мекемелердің, азаматтық қоғам өкілдері және кәсіпкерлердің қатысуымен ұлттық нақыштағы қазақ үйлер орналастырылды. Шара «Ұлыс күні үкілі Үржарда!» мерекелік театрландырылған қойылымы басталып, аудан әкімі Н.Т.Тоқсеитовтың мерекелік құттықтауы болды.
Биылғы жылғы наурыз мерекесінде орнатылған ұлттық нақыштағы қазақ үйлерге «Хан батыр Қабанбай 330 жыл», «Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы», «Ән падишасы – Роза Бағланова», «Мұхтар әуезовтың туғанына 125 жыл», «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов», «Әсет Найманбайұлының 155 жылдығы», Балалар жылына орай «Бала – біздің болашағымыз», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» тақырыбында атаулар беріліп, безендірілді.
«Үржар барысы» қазақша күрестен аудандық турнирі, алтыбақан тебу, «Наурыз дода» гір көтеру және басқа да ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. «Наурыз-олжа» мерекелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Semeynews.kz