Семей қаласында Ак.Павлов көшесінде ер адам өздігімен тұрғын үйдің кіреберісінің шатырынан өздігімен түсе алмаған. Оқиға орнына 2-ӨСБ құтқарушылары жедел жетіп, сатының көмегімен 29 жастағы ер адамды түсіріп алып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Белгілі болғандай, ер адам кіреберіс шатыры арқылы өзінің пәтеріне кірмек болған.
Өскемен қаласында, Қазақстан көшесінде ер адам тұрғын үйдің жертөлесіне құлап кеткен, өздігімен шыға алмаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды қауіп аймағынан шығарып алып жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Ер адам жарақат алмаған.
Semeynews.kz