ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» ЖААШ жүргізу барысында Абай АПБ қызметкерлерімен 62 жастағы аудан орталығының тұрғыны ұсталды. Тінту барысында оның қыстағынан қаруға ұқсас зат тәркіленді.
Сараптапа қорытындысы бойынша тәркіленген зат калибрі 5,6 мм, «ТОЗ-8» моделді қару болып табылды және ол атуға жарамды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Құқықтық тәртіп» ЖААШ жүргізу барысында 4506 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
16 жүргізушіге қатысты қарсы бағытқа шыққандары үшін әкімшілік хаттама толтырылды. 37 жүргізу көлік құралдарын ішімдік ішкен күйінде жүргізген. 10 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік жүргізген. 244 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.
745 жаяу жүргінші қозғалыс ережесін бұзған. 207 жасөспірім түнгі уақыттарда ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген.
Semeynews.kz