ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында Семей қ. ПБ Затон ПБ «102» жедел каналына 19 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2021 жылдың шілде айының соңында таныс жігіт материалдық көмек көрсетемін деген сылтаумен алдап, оның атына шамамен 690000 теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеп, ақшасын иемденіп алғанын айтқан.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 21 жастағы қала тұрғыны болып шықты, жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 1 бөлігі –санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semeynews.kz