ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының назарына облыстың екі тұрғыны түсті, «гашиш» жеткізумен айналысқан.
“Ағымдағы жылдың 9 наурызында 37 жастағы екі ер адам да қылмыс үстінде ұсталды. Тінту барысында олардың автокөлігінен және үйлерінен жалпы салмағы 1,7 кг-нан асатын «гашиш» есірткі заты тәркіленді, бұл шамамен 1 мың бір реттік дозаға тең.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланады, онда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz