
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, “Южное небо” компаниясы алты ай ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үржарға субсидияланған рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Туристер жиі келетін маусымда – төрт айда рейстер жиілігі аптасына онға жетеді. Ал қалған екі айда ұшақтар аптасына жеті рет ұшады. Барлық рейс 48 адам отыратын АН-24 ұшағында орындалады. Бағасы – Нұр-Сұлтан қаласынан 16 000 теңге, ал Алматыдан 14 000 теңге.
Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Үшаралға рейстерді SCAT әуекомпаниясы алты айға ашады. Олардың үшеуі үшін жиілік аптасына жеті рет, ал туристер көп келетін кезеңде аптасына 14 рет болады. Баға Нұр-Сұлтаннан 16 000 теңге және Алматыдан 15 000 теңгені құрайды. Ұшаққа 50 адам сыяды.

Бұған дейін “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-да Алматыдан Алакөл көліне жетуге болатын бес бағыт туралы айтылған болатын. Алматы облысы әкімдігінің компаниямен меморандумына сәйкес, Алматыдан және басқа өңірлерден 11 маршрут қатынайтын болады.
Semeynews.kz



