ҚоғамСемейТОП

Семейде тағы да ағаштар кесілуде

Семейліктер тағы бір кесілген ағашқа наразылық туғызуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл жолы Ф.М.Достоевский музейі жанындағы ағаштар кесілді. Соңғы жылдары ағаштарды кесу Семейде басты мәселеге айналды. Қала тұрғындарының айтуларынша, жергілікті биліктің айтуларына қарамастан қалада ауру ағаштар емес сау ағаштар кесілуде. Осы жолы Ф.М.Достоевский музейі жанындағы ағаштардың кесілуі қала тұрғындары тарапынан наразылық туғызды.

“”Чертова песочница” немесе “Семипроклятинск” деп айтқан еді Ф.М.Достоевский біздің қалаға жер аударылғанда.  Жыл сайын ағаштар отырғызылады деп хабарланады, бірақ қаншасы тамыр жайды, қаншасы тамыр жаймағаны – белгісіз. Осының аясында оттегімен қамтамасыз ететін және шаң мен ыстықтан қорғайтын дендері сау үлкен ағаштар кесілуде. отырғызылған жас ағаштар бой көтергенше қанша адам шаң-тозаң жұтып, тыныс алу жолдарының асқынуымен сырқаттанар екен? ағаштарды кесуге кімдер рұқсат берді екен?”,- деп жазды Роллан Машпиев әлеуметтік желіде қала әкімі Бақытжан Баяхметовты белгілеп.

Семейлік қоғам қайраткері Николай Исаев болып жатқанға таң қалмады.

“Жауабын алдын ала болжауға болады: “Ағаштар, ауру болды, орнына жаңа ағаштар отырғызамыз”. Алайда, отырғызылған ағаштардың жартысы қурап кетеді, ал қалған жартысы тек біздің немерелерімізге ғана кһлеңке болады”, – деп атап өтті қоғам қайраткері.

Қаланың билік күші аталған жағдайға түсіндірме бермеуде./

 Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button