ҚазақстанҚоғамСпортТОП

Волейбол: Нұр-Сұлтанда ардагерлердің біріншілігі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында 60 жастан асқан ардагерлер арасында волейбол біріншілігі өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ағымдағы жылдың 12-13 наурызы аралығында 60 жастан асқан ардагерлер арасында волейбол біріншілігі өтті. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде 10 команда күш сынасты.

Жарыс нәтижесі бойынша үшінші орынды – Астана және Ақтөбе командалары иеленсе, екінші орынды – Шығыс Қазақстанның “Шығыс” командасы жеңіп алды. Ал бас жүлде Алматы командасының еншісіне бұйырды.

“Шығыс” командасының бапкерлері – Смағұлов Әбілхайыр Манашұлы және Айжақсин Олжас Мұхамадиярұлы.

Команда жетекшісі – Нұрлан Срайылұлы Омаров.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button