«Мигрант» ЖПІШ: Семейде төрт шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан жіберілетін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында Семей қаласының аумағында "МИГРАНТ" Республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Полиция басқармасы тарапынан қала аумағында жүрген шетелдіктер тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Аталған іс-шараның бірінші күні көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша 40-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде елде болу ережелерін бұзып, белгіленген күннен артық мерзімде жүргендері үшін 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның төртеуі Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің келгені туралы уақытылы хабарламағаны үшін оларды қабылдаған 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
«”Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жұмыс атқарған 14 шетел азаматы анықталып, олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 2 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды» – делінген ведомство ақпаратында.
Semeynews.kz