
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое ауданындағы Верх-Березовск кентінде Алтай көшесі бойындағы 1955 жылы салынған жер үйде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде үй қабырғасының және төбесінің ағаш бөліктері, жиһаздары, жеке заттары өртенген. Құтқарушылармен отқа оранған үйден бір газ баллоны шығарылып, 40 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.
Өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану.
Semeynews.kz