Олар ШҚО әкімдігі бекіткен су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары мен жарылыс жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізілді.
Мирный кенті ауданындағы ипподромның артында (қауіпті бұрылыста) Ертіс өзенінде мұзды жару бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шарт Өскемен қаласындағы «Kaz Explo Service» ЖШС-мен жасалды. Учаскенің ауданы – 12 577 м2, ұзындығы-700 метрден асады, мұнда мұздың қалыңдығына байланысты 350 тесік тесілген. 840 кг жарылғыш заттар қолданылды.
Аталған аймақ кездейсоқ таңдалмады, бұл жер тұрғындар үшін қауіпсіз. Ең жақын елді мекен осы учаскеден шамамен 4 км қашықтықта орналасқан.
Жарылыс жұмыстарын жүргізер алдында Семей қаласының ТЖ басқармасымен тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында және олардың қауіпсіздігі үшін БАҚ-та хабарландыру орналастырылды, сондай-ақ мұзда жарылыстарды өткізу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.
Су басу қаупін болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын орындау қажет. Мұздың ұсақталуына байланысты оның күші әлсірейді. Еру нәтижесінде оның кетуі жеңілдейді және бұл жылынуға оң әсер етеді.
Semeynews.kz