ҚоғамСемейСпортТОП

Семейде волейбол турнирі өтті

Семейдегі балалар мен жастар шығармашылық сарайының спорт залында ардагерлер арасында волейболдан қалалық турнир өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Волейбол біріншілігіне алты команда қатысты.

  • Жарысқа 30, 40 және 50 жастан асқан волейболшылар қатысты. Ойын тартысты өтті. Жүлделі бірінші орынды №32 орта мектебінің командасы иеленді. Екінші орын – “Баймағамбет” ЖШС командасына лайықталса, ал 3 орын – “СМЗ”АҚ командасына бұйырды. Жалпы, волейбол-семейліктердің сүйікті спорт түрлерінің бірі. Оны жастар да, аға буын өкілдері де ойнайды. Мысалы, өткен жарыстардың үлкен қатысушысы 64 жаста болды. Жастар арасында да волейболға қызығушылық артып келеді. Сондай-ақ, бірнеше жыл бойы ойын алаңына шықпай, кейін тұрақты жаттығулардың арқасында өте жақсы көрсеткіш көрсетіп жүрген жандар да аз емес,-дейді жарыстың бас төрешісі Олжас Айжақсин.

Айта кетейік, жаз айларында Семейде ШҚО қалалары мен аудандарының командаларын шақыра отырып, ардагерлер арасында волейболдан облыстық турнир өткізу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button