Күн тәртібінде 2025 жылға дейінгі «ЖАСТАР – ОТАНҒА!» жол картасының Шығыс Қазақстан облысында іске асыру бойынша 2021 жылға ТжКБ білім беру мекемелерінің жатақханаларына мониторинг жүргізудің қорытындысы және азаматтық жастар бастамаларын мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар жобаларын қаржыландыру көлемін бөлу барысы қаралды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Г. Ильясованың айтуынша, 2021 жылы жатақханалар бойынша келіп түскен өтініштер басшылыққа алынып, тиісті шаралар қолданды.
— Мониторинг барысында Jas Otan Жастар қанаты анықтаған мәселелер толықтай жойылып, жатақхана тәлімгеріне студенттердің бөлмелерді күтіп ұстауы бойынша нұсқаулық берілді. Сондай-ақ, ескірген жиһаздарды жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде,- дейді Г. Ильясова.
Айта кетейік, 2021 жылы 4 студенттік жатақхана пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 3 студенттік жатақхананың құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелсе де, оның 20-ға жуығы ғана белсенді қызмет атқаруда. Бұл туралы ШҚО Ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Е. Балтабеков мәлімдеді.
— Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 5 волонтерлік жоба жүзеге асырылды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын табады.
Кеңес төрағасының орынбасары А. Айтмұқаш жастар бастамаларын қолдау тұрақты негізде үнемі жүргізілетінін атап өтті.
Semeynews.kz