
Әсіресе, бұл мәселе Семей қаласының шеткі аудандарында өткір болып тұр.
- Үйсіз иттер өте көп. Балалар мектепке барудан қорқады, оған алаңдаған ересектер бізге жазада. Біз иттерді аулау қызметіне хабарлаймыз, олар бірден әрекет етеді. Мен өзім емханаға жеткенше, жол бойынан 18 ит санадым. Олардың бәрі ірі, үлкен, үйсіз және адамдарға шабуылдайды. Ал біздің балаларымыз осы көшелермен мектепке барады. Ит аулау қызметіне шағымдарымыз жоқ, олар жақсы жұмыс істейді, бірақ иттер көп. Бізге тұрғындардан көп шағым түсуде, – деп айтып өтті Шығыс кентіндегі «Күншуақ» пәтер иелері кооперативінің бухгалтері Жанғаным Жұмашева.
Ит аулау қызметінде айтып өткендей, осының бәріне тұрғындардың өздері кінәлі, өйткені олардың өздері үй жануарларын ұстауға жауапсыз қарайды. Көп жағдайда иелері иттерін өздігімен серуендеу үшін бос жібереді, олар өз кезегінде көшеде өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіреді. Адамдардың үйлеріне күшікті немесе мысықты алып, кейіннен оларды далаға тастап кетулері де аз емес.
- Біздің бригада жүйелі түрде жұмыс істейді. Үш бригада бар. Қазір жағдай тұрақты, арыз-шағымдар жоқ. Жыл басынан бастап 137 шағым түсті. 441 ит, 43 мысық ауланды. Өткен жылы бізге 1497 шағым түсті, 5684 ит, 1016 мысық ауланды. Семейде арнайы қорғалайтын орынның болмауына байланысты, өкінішке орай, ұсталған жануарлар дәрі-дәрмек енгізу жолымен өлтіріледі. Біздің білуімізше осындай қорғалайтын орынның құрылысы жоспарда бар, жақсы болушы еді. Біз ветеринарлық қызметтегілер проблеманы тек гуманистік жолмен шешкенді қалаймыз. Ауланған иттер мен мысықтардың барлығы үйсіз емес. Кейбірінің иелері бар, олар жануарларын серуенге бос жібереді, осылайша олар тұрғындарға қауіп төндіреді. Үй жануарларының иелері жауапты болулары керек, – деп атап өтті Семей қаласындағы арнайы аулау қызметінің маманы Рахат Иманғалиев.
Еске сала кетейік, 2021 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына қол қойды. Осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын эвтаназияны қолдануды қоспағанда, қаңғыбас жануарлардың санын уларды, өзге де химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен өлтіру арқылы реттеуге тыйым салынады.
Semeynews.kz



