
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға Бейбітшілік аралында орын алған. Жүк тиегіш суға батып қалған, кабина ішінде жүргізуші қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар арқанның көмегімен техниканы алып шықты.
Оқиға туралы және аралға жүк тиегіш қандай мақсатта барғаны, қандай жұмыстар атқарғаны айтылмады.
Semeynews.kz