ҚоғамСемейТОП

Семейде қаланың орталық бөлігіндегі үйлердің қасбеттері жаңартылады

Биылғы жылы Шәкірім даңғылы бойындағы 19 үйдің қасбеттерін жаңарту жұмыстары бастталады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жұмыс кезең-кезеңмен бірнеше жыл жүргізіледі.

  • Біз жаңартуды қажет ететін қаланың орталық бөлігіндегі көшелерді алдық. Олар – Абай көшесі, Шәкәрім даңғылы, Қабанбай батыр және Қайым Мұхамедханов көшелері. Қасбеттері жаңартуды қажет ететін ескі үйлерді белгіледік. Осындай үйлердің саны – 36. Биылғы жылы 19 үйді жаңарту жұмыстары басталады. Қала әкімі биылғы жылы ескі көпірден бастап темір жол вокзалына дейінгі Шәкәрім даңғылы бойындағы үйлердің сырт келбеттерін жөндеуді тапсырды. Эскиздері дайын, келісілген. Бастапқы есеп жүргізілді. Жөндеуге жұмсалатын қаражат үйдің көлеміне байланысты, төрт миллионнан 14 млн теңгеге дейін шығуы мүмкін. Сметалық есептемелер бірнеше фирмалармен әзірленуде, жұмыс ТКШ бөлімі арқылы бюджет есебінен жүргізілетін болады. Сонымен қатар бізге жеке фирмалар да хабарласуда, олар жекелеген үйлерді алып, оның қасбеттерін өз есебінен жаңартқысы келеді. Жалпы алғанда, үйлердің қасбеттеріне сылақ төсеу және сырлау қарастырылған. Бұл көлемді, ұзақ жылдық бағдарлама. Барлығы тендер негізінде. Биылғы жылы 19 үй бойынша жұмысты аяқтауды жоспарлаудамыз, – деді қалалық архитектура бөлімінің басшысы Ардақ Исатаев.

Бір үйді жаңартуға қанша қаражат жұмсалатыны әлі белгісіз. Тек, жұмыстың ағымдағы жылдың мамыр айында басталп, қыркүйек айында аяқталатыны айтылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button