Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтарда Ертіс ПБ оқиға куәгерлерінен хабарлама келіп түскен. Жүгінген куәгердің айтуынша, қала көшелерінің бірінен өтіп бара жатып, жанынан өткен 2 ер адамды байқаған, олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған.
“Оқиға орнына дереу түрде “Қыран-3, Қыран-3.1″ тобы жолданып, тәртіпбұзушы ұсталды. Ол 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны. Тергеу барысында ұсталған азаматта көршісімен жан-жал орын алып, соның барысында көршісін қорқытпақ болып қалтасынан ойыншық тапаншаны алып шыққан. Тексеру аяқталғанна кейін ұсталған азаматпен профилактикалық әңгімелесу өткізілді”, – делінген полиция хабарламасында.
Semeynews.kz