
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2021 жылдың 24 желтоқсанында есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен заңсыз есірткі заттарын сату фактісі анықталды. Қызметкерлермен 25 жастағы жергілікті тұрғынға жалпы салмағы 14,33 грамм “кептірілген марихуананы” 9000 теңгеге сатқан 26 жастағы жергілікті әйел ұсталды.
“Әйел адамның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында, ванна бөлмесіндегі шкаф ішінен жасыл түсті өсімдік тектес зат оралған қағаз орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 33,17 грамм “кептірілген марихуана” болып табылды. Әйел адам қазіргі уақытта қамаққа алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, аталған баптың санкциясы бойынша мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасын көзделген.
Semeynews.kz