ҚоғамСемейТОП

Семейде қыстың жылуына байланысты аюлар ұйқыға жатпады (ВИДЕО)

Семейдегі балалардың биологиялық орталығында аюлар ұйқыға жатпады, деп хабарлайды Semeynews.kz @shygysnews видеопорталына сілтеме жасап.

Аюлардың ұйқыға жатпауына зоолог мамандар қыстың жылы болуынан деуде. Өңірде әлі ұзаққа созылған аяздардың болмауы аюлардың ұйықтамауларына себепкер болды. Орталық қызметкерлері күнделікті Зита және Боря есімді аюларды тамақтандыруда. Олардың ас мәзіріне ботқа, ет және көкөністер кіреді.

Биорталықтағы қызметкерлердің айтуларынша, Зита жыл сайын ұйқыға түсетін. Ол қараша айының соңында ұйқыға кетіп, ақпан айының басында оянатын. Биылғы жылы аюлар қай уақытта ұйқыға жататыны белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орталықта болған Гриша атты аю өткен жылдың тамыз айында қартайып қайтыс болған. Орталықта аю 30 жыл өмір сүрді. Гришаның орнына 2021 жылдың күзінде Өскемендегі хайуанаттар бағынан Боря атты аю әкелінген болатын.

Sеmeynews.kz

Видео: shygysnews.kz

Осы айдарда

Back to top button