ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО: Зейнеткер замандастарын алдап, аттарына несие рәсімдеген

Өскемен тұрғыны зейнеткерлерді алдап, олардың аттарына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне 2 зейнеткер әйел жүгініп, алаяқтықтың құрбаны болғандарын жеткізген.
Жәбірленушілердің айтуларынша, жаз мезгілінде қаскөй көмектесемін деп, алдап қос зейнеткердің атына шағын несие ұйымдарынан ақшалай қарыз ресімдеген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 240 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 70 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 – бабының 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button