ШҚОҚоғамТОПШҚОЭкономика

ШҚО-да экономиканы әртараптандыру жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстанда экономиканы әртараптандыру, тауарлар экспортын кеңейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Semeynews.kz

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2021 жылы 414 млрд.теңгеге 11 жоба пайдалануға берілді.
Инвестиция көлемі 396 млрд.теңге болатын «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын кеңейту жобасы іске қосылды. Жаңа өндіріс Гоком мыс кенін өңдеу көлемін 2 есеге, жылына 25 млн.тоннадан 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Аягөз ауданында 700 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
АЭС үшін қуаты 200 тонна уран жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауытты іске қосу экспорт көлемін 120,8 млрд.теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Зауыттың дайын өнімі толық көлемде ҚХР-ға экспортталатын болады.
Ішкі нарықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуге Семейде жаңадан салынған май экстракциялық зауыт және Өскемен құс фабрикасының бройлер өндірісін жылына 55 мың тоннаға дейін ет өнімдерін кеңейту ықпал ететін болады.
Мысалы, Зайсан ауданында «ARNNA MINERALS» ЖШС 57 жұмыс орнына құны 1,7 млрд.теңге болатын артезиан ауыз суын, оның ішінде газдалған және газсыз және алкогольсіз газдалған сусындар өндірісі ұйымдастырылды.
Жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жарма ауданында қуаттылығы 30 МВт болатын 6 жел электр станциясы салынып, пайдалануға берілді.
Бірнеше жоба аяқталу сатысында. «Қазмырыш» ЖШС Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосумен долин-Обручев кенішінің өнімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Құны 37 млрд. теңге болатын жоба 320 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Көкпекті ауданында «Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС 5 млрд.теңгеге жуық екінші байыту фабрикасының құрылысы бойынша жобаны іске асыруда, фабриканы іске қосу 220-дан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Өскемен май экстракциялық кешенінің майлы дақылдарын сақтауға арналған элеватор құрылысы жүргізілуде, жобаның құны – 600 млн. теңге, қуаты жылына 45 мың тонна.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button