ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде сауда өкілі жұмыс орнындағы 2 миллионнан астам қаражатты жымқырған

Семейде өзі жұмыс істейтін серіктестіктің қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша 39 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, 2021 жылғы желтоқсан айының соңында Семей қ. ПБ Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2021 жылғы 13-22 желтоқсан аралығында қалада орналасқан ЖШС бірінің қызметкері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, шамамен 2 097 933 теңге сомасында ақша қаражатын талан-таражға салу туралы ақпарат келіп түсті.

“Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 39 күдікті әйелді ұстаған, одан жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 – бабы 2-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомство ақпаратында.

Аталған баптың санкциясы: мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button