ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жол-көлік оқиғасы орын алды

Семейде SUBARU және TOYOTA көліктері соқтығысты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 18 қаңтарда сағат 15:45 шамасында 19 жастағы жүргізушінің басқаруындағы SUBARU көлігі қосалқы жолдан Гагарин көшесіндегі басты жолға шыға бергенде басты жолда келе жатқан TOYOTA маркалы көлікке жол бермей, соқтығысқан. Нәтижесінде TOYOTA көлігі жарықтандыру бағанасына соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ, тек материалдық шығын келтірілді.

SUBARU көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдарға көз жіберсек, SUBARU көлігінің артына тағы екі көлік соғылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button