ДенсаулықҚоғамСемейТОП

Семейдегі Суықбұлақ кентінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аурухана салынады

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов «Жан Ер» медициналық орталығында болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Жан Ер” медициналық орталығының негізі 2013 жылы көпсалалы емдеу-диагностикалық орталық ретінде құрылған болатын.
Қазіргі сәтте, 250 қызметкер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Мұнда өзінің зертханалық зерттеулерін жүргізуге арналған заманауи жабдықтар бар. Ауруханада оңалту сипатындағы рәсімдер кешені, емдеу-сауықтыру рәсімдері, барлық органдарға ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.
Шетелдік өндірістің рентген аппараттары бронх-өкпе патологиясын, сүйек-буын жүйесін дәл диагностикалауға мүмкіндік береді.


«Бұл клиника пандемия кезінде қаламызда тәулік бойы жұмыс істеген жалғыз аурухана. Осы уақыт ішінде мұнда төрт жарым мыңнан астам адам вакцинацияланды. Қазір аурухана балалар мен жасөспірімдерді Пфайзер және Казвак вакциналарымен егу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда”, – деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.


Аурухана алғаш ашылған кезде жүзден аса адамға қызмет көрсетсе, қазір тіркелген қала тұрғындарының саны 6 мыңнан асады. Мұнда лазерлік офтальмологиялық хирургия, ангио-хирургиялық, отоларингологиялық және анестезиологиялық-реанимациялық көмек бойынша стационарлық көмек көрсетеді. Амбулаториялық-емханалық жағдайда да операциялар жүргізіледі.
Стационарлық бөлімшелер жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа жабдықтармен жабдықталған. Бұл күрделі операцияларды жүргізуге және офтальмологиялық, стоматологиялық, отоларингологиялық профильдегі және тамырлы хирургия операцияларының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді.


«Біздің алғашқы клиникамызда бір ғана стоматологиялық орындық болды. Кәсіпкерлік тәжірибем жоқ болғандықтан, жіберген қателіктер арқылы оларды түзетіп, пысықтадым. Қазіргі уақытта біз көпсалалы клиника ретінде жұмыс істеп жатырмыз»,- дейді клиника директоры, қалалық мәслихат депутаты Съезбек Ахметов.
Қала әкімі Бақытжан Байахметов клиника басшылығының Суықбұлақ кентінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек ауруханасын салу туралы ұсынысын қолдады. Мұнда, 6-7 мыңға жуық халық тұрады. Олар медициналық көмек алу үшін қала орталығына баруға мәжбүр.
Бақытжан Байахметов жер қатынастары бөліміне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында, клиника құрылысы үшін жер телімін бөлуді тапсырды. Өз кезегінде клиника басшысы құрылысты қысқа мерзімде аяқтауға уәде берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button