Семейде мектепке дейінгі мекемелерде 1300-ден астам бала тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілуде
Семей қаласында 60 балабақша, 57 және 9 шағын орталық халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балаларды қабылдап, оларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әр айдың қорытындысы бойынша, тегін тамақ берілетін балалардың саны туралы ақпаратты әрбір балабақша мен шағын орталық қалалық білім бөліміне ұсынады. Төлемдер барлық құжаттарды тексергеннен кейін жасалады.
«Менің жеке парақшама қала тұрғындары төлемдердің жекелеген кідірістері туралы мәселені нақтылауды сұрайды. Жуырда орын алған тәртіпсіздік пен төтенше жағдайға байланысты жеке балабақшалар бойынша желтоқсан айының құжаттары қалалық білім бөліміне түсе алмады. Демек, олар өңделмеді және оларды дерекқорға енгізуге үлгермеді. Осыған байланысты, көпбалалы отбасылар алдында 1 миллион 750 мың теңге мөлшерінде қарыз пайда болды. Білім бөліміне осы қарызды өтеу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырамын», – деді қала әкімі Бақытжан Байахметов арнайы өткізілген кеңесте.
Білім бөлімінің мәліметінше, қаңтар айының бюджетінде 7 миллион 250 мың теңге төлем сомасы жоспарланған. Бұған желтоқсан айындағы қарызды өтеу үшін қарастырылған ақша да кіреді.
Әдетте балабақшалар мен шағын орталықтарда тегін тамақтану үшін құжаттарды жинау 10 қаңтарға дейін жүргізілетін. Енді белгілі себептерге және төтенше жағдай режиміне байланысты бұл мерзім 20 қаңтарға дейін ұзартылды.
Семей қаласы бойынша 60 балабақша (15 мемлекеттік, 45 жеке меншік иесіне тиесілі) және 21 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді. Оларда 11 257 бала тәрбиеленеді. Олардың ішінде 2021 жылы 1378 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 3 жасқа дейінгі балалар үшін ата-ананың ақы төлеу мөлшері 12 400 теңгені, 3 жастан бастап-12 500 теңгені құрайды.
Төлемдер келесі балаларға жүргізіледі:
– жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
– даму мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек балаларға;
– көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
– атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.
Semeynews.kz



